Жиырма жеті жастағы Гүлдана Әлмұханбетова самбодан әлем чемпионы атанды (видео)

Жиырма жеті жастағы Гүлдана Әлмұханбетова самбодан әлем чемпионы атанды (видео)

Жиырма жеті жастағы Гүлдана Әлмұханбетова самбодан әлем чемпионы атанды (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстандық самбошы Гүлдана Әлмұханбетова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын жүлдені иеленді. 52 келіде белдескен Гүлдана финалда Моңғолия елінің тумасы Нехитбаатар Баярманы 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Гүлданаға дейін ерлер арасында 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Райхан Мәди күміс жүлдені еншілеген болатын. https://www.youtube.com/watch?v=-MiOW6oPc28