Жаңалықтар

Ескен Сергебаевтың жеке көрмесі өтті

Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі мүсінші Ескен Сергебаевтың жеке көрмесінің ашылуы мен альбом-каталогының тұсаукесері өтті.

Ескен Сергебаевтың айтуынша, көптен армандаған алғашқы жеке көрмесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сәйкес келіп отыр.

«Тәуелсіздік – тұғырым!» атты көрмеге көрнекті мүсінші-суретшілер, өнертанушылар жәнемәдениет қайраткерлері қатысты. Ал экспозицияға автордың Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорындағы және автордың өзінің әр жылдардағы 70 шығармасы енді.

c9ef3913 a7d9 42ac 8793 1e1540c9c5a6
ҚР Е
ңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Е.Сергебаев 1940 жылы 19 мамырда Алматыда дүниеге келді. Н. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде, И. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтында үздіксіз білімін жетілдірген Е.Аманжолұлы 1960 жылдан Қазақ КСР Көркемсурет қорында жұмыс істеп, 1974 жылдан «Өнер» көркемсурет комбинатында бас суретші болып, қазақтың бейнелеу өнерінің өркендеуі үшін тынымсыз еңбек етті. Көркемөнер академиясының толық мүшесі Е.Сергебаев ұстаздық қасиетті міндетті қатар алып жүрді. 1969 жылдан бастап Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, 1978 жылдан бастап Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында академиялық сурет, мүсін кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарады. Бүгінгі таңда академияның құрметті профессоры.

Бүгінде Е.Сергебаев бірнеше буын студенттер тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз. Оның мол тәлімін алған шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Шара барысында сөз алған Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының у.м.а. Шәріпбек Ағабайұлы өзінің құттықтау лебізін білдіріп, «Ұстаздық еткен жалықпас деп, жастарды тәрбиелеуден жалықпаңыз. Шығармашылық ұзақ ғұмыр тілеймін»,-деді. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиевтің құттықтау хатын табыстады.

1b26c70a a6bb 425d 8367 1ca801c84baf

Келесі сөз кезегі ҚР Көркемсурет академиясының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал суретші Амандос Ақанаевқа берілді. «Ескен Сергебаев қазақ мәдениетінің бүгінгі дәуірін құрағандардың бірі. Қазақтың бейнелеу өнеріндегі сөзсіз жарқын тұлға. Мерейтой иесінің артында 60 жылдық шығармашылық ғұмыры бар. Ұзағынан болсын!», -деді. Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін  Е.Сергебаевты ҚР Көркемсурет академиясының жоғарғы наградасы – «Ұлы елдің тарандысы» медалімен және дипломымен марапаттады. Мүсінші-зергер Естай Дәубайдың жүзік-мөрін сыйға тартты. Мемлекеттік мұражайдан алынған «Құстұмсық» жүзігі Абылай хан жүзігінің түпнұсқасы болып табылады.

66e9eca6 090c 4786 b7bf 9cb9813660c3

Салтанатты шара альбом-каталогтың тұсаукесерімен жалғасты. Альбом-каталог – қазақ мүсін өнерінің артықшылығы мен ерекшелігін тайға таңба басқандай айқындап беретін, өзгелерден жаратылысы бөлек тұлғаның қаламынан туған дүниелердің жан-дүниесі, болмыс-бітімі, жеке табиғатын суреттейтін дүние.Мүсін өнерінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының іргесін қалағандардың бірегейі – Ескен Аманжоловтың еңбегі қашан да құнды.

Тәуелсіздікке тарту етілген көрме желтоқсан айының 12-не дейін жалғасады.

Back to top button