“Nur Otan”: Мұқтаж отбасыларға көмір түсірілді

“Nur Otan”: Мұқтаж отбасыларға көмір түсірілді

“Nur Otan”: Мұқтаж отбасыларға көмір түсірілді
ашық дереккөзі

Түркістан облысында мұқтаж отбасылар көмірмен қамтылды. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Халыққа көмек" партия жобасы аясында аудандық партия филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен қолға алынған «Ауыл - Ел тірегі» атты іс шарасы Сайрам ауданы Манкент ауыл округінде жалғасын тапты.

«Nur Otan» партиясы «Манкент» бастауыш партия ұйымы мен демеушілер тарапынан ауылдық округіндегі қамқорлық бағдарламасына енген 10 отбасына отын берілді. Қысқы жылыту маусымы қарсаңында Манкент ауылдық округі аумағында тұратын көмекке мұқтаж аз қамтылған 10 отбасы 20 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.