Қырғыздың миллиардер депутаты қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады

12 қараша, 2021 / Túrkіstan International Political Weekly
ашық дереккөзі
Қырғыздың миллиардер депутаты қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады

Қырғыз депутаты, миллиардер Шаршенбек Әбдікерімов күйеубалаға кастинг жариялады.

Kaktus.media мәліметінше Шаршенбек Әбдікерімов Нарын облысы Ат-Башинск ауданында кастинг жасамақ. Кастинг арқылы қызына лайықты азамат таңдамақ. Кастинг 19 қараша күні өтеді. Кастинг хабарландыруында мекенжай толық көрсетілген. Ниет білдіріп қатысушылар саны көп екен. Әбдікерімов Шаршенбек Шайлообекұлы – ҚР VI шақырылымының депутаты (Қырғызстан), көп салалы "Аю Холдинг" компаниясының негізін қалаушы.

А. Шахмардан