Шекарадан мал өткізуге көмектесіп, пара алып отырған лауазымды тұлғалар ұсталды

Шекарадан мал өткізуге көмектесіп, пара алып отырған лауазымды тұлғалар ұсталды

Шекарадан мал өткізуге көмектесіп, пара алып отырған лауазымды тұлғалар ұсталды
ашық дереккөзі

Түркістан облысында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен пара алып отырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстағанын растады. Қазір бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынды.
«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді» делінген хабарламада.