Ұлын балталап өлтірген зейнеткерге үкім шықты

Ұлын балталап өлтірген зейнеткерге үкім шықты

Ұлын балталап өлтірген зейнеткерге үкім шықты
ашық дереккөзі

Ұлын балталап өлтірген зейнеткерге үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 73 жастағы Владислав Грековқа үкім шығарды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурор айыпталушыға 11 жыл бас бостандығана айыру жазасын сұрады.
"Сот айыпталушының кінәсін мойындағаны мен істеген қылмысы үшін өкінетіндігін және қылмыстың алкогольдік ішімдік ішіп жасалғаны мен оның егде жастағы адам екенін ескерді. Сот айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот жәбірленушінің әпкесінің талабын да қанағаттандырды. Зейнеткер оған 1 млн теңге көлемінде материалдық және 134 107 теңге көлемінде мүліктік өтемақы төлеуге тиіс. Үкім заңды күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, 73 жастағы зейнеткер  Владислав Греков өзінің 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 30 рет балтамен ұрып өлтірген.

А. Шахмардан