Түйреуіш жұтып қойған: Оралда 6 айлық сәби ауруханада көз жұмды

12 қараша, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Түйреуіш жұтып қойған: Оралда 6 айлық сәби ауруханада көз жұмды БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 9 қараша күні болды. Биыл мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған. Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.