Жаңалықтар

Түйреуіш жұтып қойған: Оралда 6 айлық сәби ауруханада көз жұмды

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 9 қараша күні болды.

Биыл мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған. Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Back to top button