Жаңалықтар

Mercedes-Benz-те жұмыс істейтін қазақ Германияда қазы жасап сатып, табысқа кенеліп жүр

ашық дереккөзі

Mercedes-Benz-те жұмыс істейтін қазақ Германияда қазы жасап сатып, табысқа кенеліп жүр

Арман Болысбеков Герма­ния­дағы ав­томо­биль құрастырудың отаны саналатын Штут­гарт айма­ғын­да тұрады. Онда әлемге әйгілі Mercedes-Benz компаниясының за­уы­тында автоматтандыру бойын­ша электрші қыз­метін атқа­ра­тын ол бұл жұ­мысқа екінің бірі кіре алмайтынын айтады. Сондай-ақ ол жұмыстан тыс уақытта Қыр­ғыз Респуб­ли­касы мен Молдави­я­дан келген досы үшеуі қа­зы айнал­ды­рып, оны сатумен айналысады. Ал­дағы уақытта қазыны бренд қылып, Гер­мания аймағына таратқысы келетін Ар­ман­ды әңгімеге тартып, сұхбаттасқан едік. [caption id="attachment_158672" align="alignleft" width="212"] Қазы айналдыру кезінде[/caption] – Сонда он жылдан астам уақыт бойы бір жерде жұмыс істеп келе жа­тыр­сыз ба? – Иә. Негізі, мен тұрақтылықты жақсы көре­мін. Жұмысқа құдды бір өз үйіме бара жатқандай барамын, барлығы көңілден шығып жатса, жұмыс ауыстырып нем бар? Содан соң әлемдегі беделді автоконцерн бол­ғандықтан, бұл жақтан кеткім жоқ. Жо­ғарыда атап өткендей, орталыққа оқуға түсу қандай қиын болса, мұнда да кез кел­ген адамды жұмысқа ала бермейді. Екін­шіден, қазір Германияда жақсы жұмыс ор­нын табу оңай емес. Сол себепті кезінде беріл­ген мүмкіндікті пайдалана біліп, осын­да жұмысқа кіргеніме қуанамын. – Mercedes-Benz 2030 жылға қарай то­лықтай бензиннен бас тартып, электромобиль көліктерді әзірлеп шы­ғармақ. Осы орайда сіз секілді ма­мандарға көп жауапкершілік арты­латын шығар? – Әлбетте, мен дәл қазір сол электро­мо­биль көліктерге батареялар әзірлейтін жер­де жұмыс істеймін. Десе де қазір тех­нологияның қарыштап дамуына бай­ла­нысты өндіріс орнындағылардың көп­шілігі роботтардың көмегіне көп жүгінеді. Бізде де солай, бір батырманы бассаңыз болғаны, робот атқаруы тиіс жұмысты мінсіз орындап шығады. Қазір көп жағ­дайда жұмысты арнайы құрастырылған машиналар жасайды, ал адамның қолымен жасалатын дүниелер күн санап азайып барады. [caption id="attachment_158667" align="alignleft" width="212"] Клиенттердің тапсырысы[/caption] – Иә, тапсырыстың көбін солар береді. М­е­ніңше, олардың басым көпшілігі тек қазы жейтін секілді. Сосын олар қазыдан сорпа әзірлейді. Оның үстіне, олар қазы­ның нағыз табиғи өнім әрі жегенге «жеңіл» екенін жақсы біледі. Немістерден бөлек, осында тұратын 3-4 қазақ отбасы да жиі тапсырыс береді. – Бұл іспен шындап айналысып жүр­ген сіздер қазыны алдағы уақытта дүкен сөрелеріне қоюды да мақсат тұтып отырған боларсыздар? – Әлбетте. Осында орыстардың ірі дү­кен­дер желісі кең таралған. Бұл дүкен­дердің сөрелерінде орыстардың дәстүрлі тағамдары көптеп сатылатыны айтпаса да түсінікті. Бір танысымыз арқылы сол дү­кендердің біріне екі-үш рет қазы қойып, сат­қан едік, тез арада өтіп кетті. Алдағы уа­қытта жекелей клиенттерден бөлек, сол орыс дүкендеріне арнайы тапсырыспен әзір­легіміз келеді. Бүгінде бұл өнімді өтім­ді ету үшін қолымыздан келгеннің бар­лығын жасап жатырмыз. Қазір сыртқы қап­тама, сондай-ақ вакуумдық орауыштың қалай болатынын ойластырып жатырмыз. Одан бөлек, құрамы мен қайда жасалғанын білдіртетін жапсырма қағаз әзірлеудеміз. Со­нымен қатар сыртында қазақ өнімі еке­нін білдіртетін өрнек салу ойымызда бар. – Қазыдан бөлек, қымыз, шұбат се­кіл­ді сусындарды әзірлеу ойда жоқ па? – Ондай ой жоқ. Германияда биенің сү­тін табу қиын. Германияда көп жыл қа­та­рынан жылқы шаруашылығын табысты жүргізіп отырған неміс Ханс Цолманнан басқа ешкім бие сауумен айналыспайды. Бі­рақ ол бие сүтін сатпайды, одан қымыз әзірлеп, түрлі өнімдер жасайды. Десек те бәрінен бұрын қазы айналдыруды жаным сүйеді. [caption id="attachment_158669" align="alignnone" width="724"] «Qazan e.V.» неміс-қазақ қауым­дас­ты­ғының мүшелерімен бірге[/caption] – Жырақ жүрсеңіз де, ел десе елең ете­тін сіздің жоғарыда айтып өткен «Qazan e.V.» неміс-қазақ қауым­дас­ты­ғының жұмысына да белсенді арала­са­тыныңызды байқадық. – Иә, сол қауымдастықтың мүшесі ре­тін­де ұйымдастырылатын іс-шаралардан қалмауға, басшылыққа мүмкіндігінше кө­мектесуге тырысамын. Негізі, белгілі бір іс-шара өткізілетінін WhatsApp желісінде арнайы құрылған топ арқылы хабардар боламыз. Сосын жиналысқа қатысамыз, ізін­ше жоспар құрылады. Валерий Оства­льд пен Денис Козырев бастаған қауым­дас­тық өкілдерінің Германиядағы Қазақ­стан елшілігі және Консулдықтың қол­дауымен соңғы кезде атқарып жүрген сү­белі жұмысы ретінде қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған фотокөрмені айтар едім. Бүгінде бұл көрме Берлин, Фран­кфурт қалаларында өтті. Көрмеге келу­шілер арнайы тігілген киіз үйді, Қа­зақстанның заманауи архитектурасын, та­биғатын, ұлттық тағамдары мен адам­дары бейнеленген 50-ге жуық суретті кө­ріп, таң-тамаша болды. Айта кетерлігі, сурет­тер интернеттен жайдан-жай алына сал­маған, барлығының авторлық құқығы са­тып алынған. Бұл көрме желтоқсан айын­да Мюнхенде жалғасын табады.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ