Головкин Муратамен өтетін жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Головкин Муратамен өтетін жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақта WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтетін жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады, – деп жазды Sports.kz.
Геннадий өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 29 желтоқсан, сәрсенбі күні Сайтамада (Жапония) өтетін және DAZN стриминг сервисі көрсететін шараның афишасын жариялады.
«Жапонияда үлкен драма болмақ. 29 желтоқсанда кездесеміз», - деп жазды GGG.
Айта кетейік, екі боксшы үшін алдағы айқас ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Головкин былтыр желтоқсан айынан бастап шаршы алаңға шықпаған болатын, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері жұдырықтаспаған.