Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

12 қараша, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады 12 қараша күні еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Сондай-ақ батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда тұман болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» ұйымы хабарлайды. Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жел 15-22 м/с күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман болжанады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жел артады. Атырау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.