Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады
ашық дереккөзі
12 қараша күні еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Сондай-ақ батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда тұман болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» ұйымы хабарлайды. Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жел 15-22 м/с күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман болжанады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жел артады. Атырау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.