Күйеуі күдікке ілінді: үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды

Күйеуі күдікке ілінді: үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды

Күйеуі күдікке ілінді: үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда «Ақбұлақ» шағын ауданындағы үйдің бірінде ер адам әйелін ұрып-соғып өлтірді деген күдікке ілінді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 42 жастағы үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты. «Полицияға қайтыс болған әйелдің анасы шағым түсірді. Қызын уайымдаған ана учаскелік инспекторды шақырған. 39 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол кінәсін мойындаған жоқ. Үш баланың анасының өлім себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады. Криминалистер оның денесінен соққының іздерін анықтады», - деп хабарлады полициядан.