Коронавирус: «Қызыл» аймақта екі облыс қалды

Коронавирус: «Қызыл» аймақта екі облыс қалды

Коронавирус: «Қызыл» аймақта екі облыс қалды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, 11 қарашада Қостанай облысы «қызыл» аймақта, Шымкент қаласы «жасыл» аймақта болатын.