12 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

12 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

12 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1959 жылы 12 қарашада Қазақстан Журналистер одағы құрылды. Оның басты мақсаты мен міндеттері – БАҚ-тар мен билік институттары арасында конструктивті диалог орнату; сөз бен баспасөз бостандығын қорғау; журналистика мен БАҚ-тардың жалпымемлекеттік, көпұлттық дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру және оны халықаралық ақпараттық кеңістікке бейімдеу; журналистер жекедара шығармашылық жұмысымен айналысуы үшін оларға экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және т.б. 1993 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» №1399 Жарлығы шықты. Оған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы ескі сом ақшаны 1 теңгеге 500 рубль бағамымен айырбастау құқығына ие болды. Бірақ бір адам тек 100 мың рубль алмастыра алатын, яғни әрбір қазақстандық қолма-қол ақшамен тек 200 теңге алатын еді. Теңгенің бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге етіп белгіленді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңына қол қойылды. 2005 жылы Қазақстан Халықаралық әуе бағыттарындағы тасымалдау туралы келісімге қосылды. Бұл құжат келісіп отырған мемлекеттер арасында қонбай ұшу құқықтарымен көпжақты алмасуды және тұрақты әуе қатынасы кезіндегі коммерциялық емес тоқтауларды қарастырады. 2005 жылы Қазақстан халықаралық әуе қатынастарында келісіп отырған мемлекеттердің тұрақты әуе қатынастары кезінде қонбай ұшып өту және коммерциялық емес аялдауға көпжақты құқық алмастыруды көздейтін Халықаралық әуе қатынастарының транзиті туралы келісіміне қосылды. Қазақстанның Келісімге қосылуы оның қатысушылары болып табылатын өзге мемлекеттердің әуе кәсіпорындарына біздің республикамыздың әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуын жеңілдетуге мүмкіндік берді. 2010 жылы Гуанчжоуда Азиада туының «Астана-Алматы 2011» қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне табыстау рәсімі өтті, сондай-ақ қысқы Азия ойындары Қазақстаннан кейін қай қалада өтетіні анықталды. 2013 жылы Түркия елінің Бурса қаласындағы «Ордекли Хамам» мәдени орталығында «Түркі әлемінің мәдени мұрасы және мұражайлар» атты мұражай ісі бойынша ТҮРКСОЙ Халықаралық форумы салтанатты түрде ашылды. 2015 жылы Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова Орталық Азиядағы ең ірі «Қазақстан – жаңа жаһандық инновациялық хаб» Халықаралық инновациялық форумы» аясында жылдың үздік жас ғалымы және бас жүлде - 7,5 млн теңге сыйлықтың иегері болды. Ол байқауда диабеттен зардап шегетін адамдарға инсулин егудің жаңа әдісін ұсынды. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Моңғолия Ғылым академиясымен бірлесіп Абайдың 170-жылдығына орайластырылған «Абайдың қара сөздері» кітабының моңғол тіліндегі басылымын таныстырды. 2017 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында Есет батырдың 350 жылдығына батырдың ескерткіші ашылды. Жергілікті кәсіпкерлер қаржы бөліп, биіктігі 5,5 метр болатын ескерткіш орнатылды. Мүсінші - Ерлан Пірімбетов. Оған жергілікті кәсіпкер Нұрлан Сағыналин «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 32 млн теңге бөлді. Есет батыр Көкіұлы үнемі Әбілқайыр ханның жанынан табылып, ханның бастамалары мен Ресейге қосылу ойын қолдады. Ханның қасында болып, ақыл-кеңесін берді, хан мен халық арасында дәнекер болды. Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірігіп, Әбілқайыр ханды қолдады, көмек көрсетті. 1743 жылы 3 шілдеде Ресей патша үкіметінің жарлығымен Есет Көкіұлына тархан атағы беріледі. 2018 жылы Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды. Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар «Айка» қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады. Айта кетейік, кинотуындыны режиссер Сергей Дворцевой түсірген. 2019 жылы «Қазпошта» АҚ Үндістанның саяси және қоғам қайраткері Махатма Гандидің 150-жылдығының құрметіне естелік пошта маркасы шығарылды. Монохромды маркада Махатма Гандидің суреті мен «Мен әрбір көздегі жасты сүрткім келеді» деген әйгілі дәйексөзі жазылған. Марканың дизайнері І.Оңғарбай. Пошталық марка «ҚР Ұлттық банкі банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан шығарылды. Осылайша, Қазақстан Махатма Гандидің дүниеге келгеніне 150 жыл толғанына орай естелік пошталық маркасын шығарған 100 елдің қатарына қосылды. 2020 жылы Анкарада әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл Фарабиді еске алды. Конференция залында өткен іс-шарада Анкара университетінің тіл және тарих-география факультетінің студенттері ТҮРКСОЙ дайындаған және конференция залына кіре берісте орнатылған әл-Фарабидің резюмесі бар ескерткіш тақтаны ашты.