"Четыре брата" қылмыстық тобының серкесі колониядан босатылды

"Четыре брата" қылмыстық тобының серкесі колониядан босатылды

"Четыре брата" қылмыстық тобының серкесі колониядан босатылды
ашық дереккөзі
"Ағайынды төртеу" (Четыре брата) ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері Еркін Ізбасар денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап Tengrinews.kz  порталы жазды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші топтағы мүгедек Ізбасардың денсаулығы қамауда жатуға жарамайды.
"Тексеру нәтижесі мен Еркін Ізбасардан анықталған аурулар бойынша медициналық комиссияның отырысы өтті. Комиссия ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына сәйкес сотталушының жазаны өтеуден босатуға негіз болатын ауруларының бар-жоғын анықтады", - деп хабарлады ІІМ ҚАЖК.
2021 жылғы 21 қазанда Өскемен қаласының № 2 соты Ізбасар жазасының өтелмеген бөлігін сауыққанға дейін 11 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Еске салайық, ҰҚТ лидері Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген әрі жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтеген. Ізбасарға он бап бойынша, оның ішінде қылмыстық топ ұйымдастырғаны және 39 миллион теңге сомасында мұнай ұрлағаны үшін айып тағылды.