АҚШ-та бүтін бір штатты өрмекшілер "басып алды" (видео)

АҚШ-та бүтін бір штатты өрмекшілер "басып алды" (видео)

АҚШ-та бүтін бір штатты өрмекшілер  "басып алды" (видео)
ашық дереккөзі

АҚШ-тың Джорджия штаты миллиондаған алып өрмекшіге толды, олар жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырып, жер-көкке тор тоқып тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz Science Alert-ке сілтеме жасап.

Өрмекші Йоро (Tricho nephila clavata) деп аталады, жәндіктің бұл түрі Шығыс Азияда шыққан. Джорджия университетінің энтомологы Уилл Хадсон үйінің кіреберісі толығымен өрмекші торына толғанын айтады. Ер адам үйінің жанынан 300-ден астам өрмекшіні байқаған. "Өрмекшілер қараша айының соңына дейін жойылып кетуі мүмкін, бірақ олар келесіде қайта пайда болуы ықтимал", -  дейді энтомологтар.