Сенат депутаты жерлеу туралы заң әзірлеуді ұсынды

Сенат депутаты жерлеу туралы заң әзірлеуді ұсынды

Сенат депутаты жерлеу туралы заң әзірлеуді ұсынды
ашық дереккөзі

Сенат депутаты жерлеу мәселелерін реттеу үшін заң жобасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сенатор Еділ Мамытбеков премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жерлеу мен зиратқа қатысты проблемаларды айтты. Ол,, сонымен қатар 2017 жылы сенатор Ольга Перепечина жерлеу туралы заң жобасын әзірлеу қажет деп айтқанын да еске салды. Мамытбековтың айтуынша, заңнамалық актінің болмауы болашақта үлкен проблема тудыруы мүмкін.
"Қазақстанда салттық қызмет көрсететін жеке фирмалар пайда бола бастады. Заңның қабылдануы осының бәрін бақылап қана қоймай, оны реттеуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, жерлеу мәселелерін реттейтін заңнамалық актінің болмауы түрлі құқық бұзушылықтарға әкеп соғады", - деп атап өтті сенатор.