Жексенбі, 26 Наурыз, 2023

Назарбаев Жапонияға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барды.

Назарбаев премьер-министр Синдзо Абэмен кездесіп, Жапония императоры Акихитоның қабылдауында болады. Сапар бағдарламасында қазақ президентінің жапон парламентінде және «Токай» университетінде баяндама жасайтыны айтылған.

Бұған қоса Токиода бизнес-форум өтеді, 9 қарашада, Жапониядағы сапарының соңғы күні Назарбаев Хиросимоға барады. Ол мұнда ядролық қарудан бас тарту қажеттігі туралы баяндама жасайды.

Бір жыл бұрын жапон премьері Синдзо Абэ Қазақстанға сапарлап келді.

Back to top button