Жаңалықтар

Назарбаев Жапонияға барды

ашық дереккөзі

Назарбаев Жапонияға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барды. Назарбаев премьер-министр Синдзо Абэмен кездесіп, Жапония императоры Акихитоның қабылдауында болады. Сапар бағдарламасында қазақ президентінің жапон парламентінде және "Токай" университетінде баяндама жасайтыны айтылған. Бұған қоса Токиода бизнес-форум өтеді, 9 қарашада, Жапониядағы сапарының соңғы күні Назарбаев Хиросимоға барады. Ол мұнда ядролық қарудан бас тарту қажеттігі туралы баяндама жасайды. Бір жыл бұрын жапон премьері Синдзо Абэ Қазақстанға сапарлап келді.