Жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеуде

ашық дереккөзі

ҚазҰУ ғалымдары микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биолог ғалымдары әлемдегі аса танымал «Шпрингер» баспа үйінен жарық көрген «Микробиологиялық қауымдастықтар және олардың экстремалды ортадағы өзара әрекеті» ұжымдық монографиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ғылыми басылым Scopus деректер базасына енеді және экстремофильді микроорганизмдердің биологиялық алуантүрлілігі мен оларды биотехнологияда қолданудың өзекті мәселелеріне арналған. Ал Springer әлемдегі ең беделді ғылыми баспа болып табылады, оның монографияларын әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар оқып, сатып алады.