ҚазҰУ ғалымдары микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеуде

ҚазҰУ ғалымдары микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеуде

ҚазҰУ ғалымдары микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеуде
ашық дереккөзі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биолог ғалымдары әлемдегі аса танымал «Шпрингер» баспа үйінен жарық көрген «Микробиологиялық қауымдастықтар және олардың экстремалды ортадағы өзара әрекеті» ұжымдық монографиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ғылыми басылым Scopus деректер базасына енеді және экстремофильді микроорганизмдердің биологиялық алуантүрлілігі мен оларды биотехнологияда қолданудың өзекті мәселелеріне арналған. Ал Springer әлемдегі ең беделді ғылыми баспа болып табылады, оның монографияларын әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар оқып, сатып алады.  width= Мұндай жоғары нәтижеге қарашаңырақ ғалымдары халықаралық серіктестермен бірлескен «Микробтық биотехнология аясында зерттеуге негізделген жоғары білім беру желісі» жобасы аясында қол жеткізді. Монографияға кірген сегіз бөлімнің екеуі ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. «Ауыр металдарға микробтық стресс реакциясы» және «Қазақстанның жылу көздерін талдау және сипаттау» атты бөлімдердің авторы ­­– ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің оқытушылары: А.Қыстаубаева, Л.Игнатова, А.Машжан және И.Савицкая. Шетелдік соавторлар: Нилс-Каре Биркеланд (Норвегия), Дильфуза Егембердиева (Германия), Овик Паносян (Армения), Ван-Джун Ли (Қытай). «Ауыр металдарға микробтық стресс әсері» тарауында барлық тірі организмдерге, соның ішінде микробтарға аса қауіп төндіретін ауыр металдармен қоршаған орта ластануының жаһандық экологиялық мәселесі қозғалды. Өсімдіктердің абиотикалық факторлардың зақымдаушы әсеріне төзімділігінің физиологиялық механизмдерін, соның ішінде тиімді микроорганизмдерді қолдануды зерттеудің маңыздылығы сипатталған. Аталған шешім өсімдіктердің экстремалды жағдайларда тіршілік ету стратегиясын түсіну үшін, сондай-ақ өсімдіктерді қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсерінен қорғау технологиясын жасау үшін түбегейлі маңызды болып табылады. Сонымен қатар бұл тарауда ауыр металл иондарының мырыш, мыс, марганец және қорғасынға көп төзімділігі бар микромицеттердің өсуіне әсерін зерттеу туралы ақпарат берілген. Зерттеу нәтижелері өсімдіктерді өсіру технологиясын құрастыруға негіз бола алатын стресс факторларына өсімдіктердің төзімділігін арттыру қабілетінде микроорганизмдердің белсенділігін тиімді пайдалануға көмектеседі. Олар өсімдік өсіру технологиясын дамытуға негіз бола алады. Келесі бөлімде ғалымдар Қазақстанның жылу көздерін талдап, сипаттайды. Елімізде термальды сулар кең таралған, бұл суы бар тау жыныстары үлкен тереңдікте жатқан үлкен артезиандық бассейндердің болуымен байланысты және сәйкесінше өнеркәсіптік биотехнология үшін қызықты микроорганизмдердің бірегей қауымдастықтарына ие. Сондай-ақ ғалымдар термальды бұлақтардың әртүрлілігі, олардың температуралық режимі, судың химиясы және олардың микробтық алуантүрлілігіне сипаттама береді. Осылайша әлемдік ғылыми кеңістікке ықпалдасу арқылы ҚазҰУ ғалымдары университет мәртебесін көтеруге қомақты үлес қосуда. Шетелдік әріптестермен тиімді ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеу – университет ғалымдарының бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрсеткіші. Бұл монографияның шығуы қазақстандық ғылымның әлемдік озық жетістік деңгейіне жетуіне де өзіндік ықпал етері сөзсіз.