«Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды

«Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды

«Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды
ашық дереккөзі

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Оскар» киножүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» санатына ұсынылды.

Картина Short Brothers (Қазақстан), "Қазақфильм" (Қазақстан) және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен Zerde FILMS (Қазақстан) компаниясымен түсірілген. Бас продюсерлер Әсел Сәдуақасова, Қанат Битеміров және Ербол Тойбаев. «Сары мысық» - Ержановтың 9-шы толықметражды көркем фильмі. Картинаның әлемдік премьерасы былтырғы жылы 77-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» конкурстық бағдарламасында өтті. Кейінірек туынды бірқатар фестивальдерге қатысып, көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде Верона (Италия) және Брюгге (Бельгия) фестивальдарында "Үздік фильм" үшін Гран-при, сонымен қатар Швецияның Стокгольм қаласындағы Hope IFF кинофестивалінде «Үздік режиссер» сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, осы жылдың басында «Сары мысық» ресейлік «Ника» фильміне ұсынылды.
- Біздің Оскаркомитетінің«Сары мысық» фильмін «Оскар» сияқты беделді сыйлыққа ұсынуы біз үшін үлкен қуаныш пен құрмет. Мен фильмнің бүкіл тобын осы жаңалықпен құттықтаймын! – деп Әділхан Ержанов өз әсерін бөлісті.
 width=   Картинаның сценарий авторлары - Әділхан Ержанов пен Инна Смаилова. Продюсерлер дәстүрлі түрде режиссердің бұрыннан келе жатқан серіктестері — Серік Әбішев пен Ольга Хлашева. Ко-продюсер олардың француздық әріптесі Гийом де Сиель. Фильм операторы -Еркінбек Пытыралиев. Қоюшы-суретші — режиссердің бұрынғы серігі Ермек Өтегенов. Фильмге музыканы композиторлар Алим Заиров пен Иван Синцов жазды. Оскар номинанттары тізімін жариялау 2022 жылдың 8 ақпанында, ал марапаттау рәсімі 2022 жылдың 27 наурызында өтеді. Қазақстандық көрермен «Сары мысық» фильмін Kinopoisk стримингтік платформасында көре алады.