Жаңалықтар

Air Astana Бішкекке ұшатын ұшақтар санын арттырады

Air Astana Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында тұрақ­ты рейстерді 17 қарашадан бастап жандан­дыра­тыны туралы хабарлайды. Рейстер Embraer E190-E2 лайнерлері арқылы сәрсенбі мен жексенбі күндері ұшады, желтоқсанда дүйсенбі мен жұма күн­дері ұшу жиілігі артады. Алматы мен Бішкек ара­сында күн сайын тікелей рейс болады.

Embraer E190-E2 ұшақтары премиум-эконом және эко­ном-класс жинағында ұсынылады. Премиум эконом-клас­тың артықшылықтары: негізгі рейске тіркелу, отыр­ғызу және түсіру, жолжүктің ұлғайтылған мөлшері, биз­нес-кластың күту залдарына кіру, бизнес-класс тама­ғы және сусындардың кең таңдауы.
Бішкекке сапар жоспарлаған жолаушылардың, со­ны­мен қатар Қырғыз Республикасы азаматтарының, тран­зиттік жолаушылардың және 6 жастан жоғары бала­лардың, ПТР теріс нәтижелі сертификаты болуы қажет. Сер­тификат ПТР алынған сәттен бастап Бішкекке рейс кел­генге дейінгі 72 сағат ішінде жарамды. Бұл талап то­лық вакцинациядан өткен жолаушыларға қажет емес.
Санитарлық талаптар туралы толық ақпаратты әуе­ком­пания сайтынан ала аласыздар.

Серік Әлімжанов,
Нұр-Сұлтан

Back to top button