«Мені» жоқ менеджер мемлекетке жүк

«Мені» жоқ менеджер мемлекетке жүк

«Мені» жоқ менеджер мемлекетке жүк
ашық дереккөзі

Шенеуніктер бірінің орнына бірі келіп, ауысып жатады. Ал қордаланған мәселелер шешілмеген күйі қала береді. Содан да болар, жүйесіздік пен дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыстың себебімен емес, салдарымен күресуге тура келеді. Ал оның салдары жеңіл бола бермейтіні белгілі.

Шенеуніктердің жауапкершілік алу­ға, жауапты шешімдер қабылдауға құлықсыз болып бара жатқанын Мем­лекет басшысы талай мәрте айт­ты. Биылғы Жолдауында сондай ен­жар басшылардың қызметтен кетуі ке­рек екенін де ескерткен болатын. «Мемлекеттік қызметкерлер және бү­кіл қоғам біртұтас ел ретінде алға қой­ған міндеттерді орындау үшін жұ­мылуы тиіс. Әйтпесе кеш қалуы­мыз мүмкін. Дүниежүзіндегі ахуал құбыл­малы. Мемлекет басшысының ба­ғытына күмәнданатындар, мін­де­тін атқара алмай отырғандар, қыз­мет­те отырып, жай уақыт өткізгісі ке­ле­тіндер, тапсырманы орындаудан жал­таратындар, менің ойымша, қыз­метінен кетуі керек», – деді Пре­зи­дент. Жалпы, бізде әбжіл қимылдап, жүйе­лі жұмыс істейтін, сол ісіне есеп бе­ріп, сенімді сөйлейтін, шұғыл жағ­дай бола қалса, бұйрық күтпей, жауап­­­кершілік алатын бастамашыл бас­шылар бар ма?

«Апат айтып келмейді», бірақ...

Індет басталып, төтенше жағдай жарияланған кезде көптеген са­ла­ның жұмысы кенеттен болған өз­герістің кө­шіне ілесуге қауқарсыз екені анық бай­қалған еді. Пандемия «бәрі мін­сіз» деп сай­рап тұрған статисти­калар­дың біразын жоқ­қа шығарды. Ең алдымен, денсаулық сақтау сала­сын­дағы жүйесіз жұмыстың сал­дары анық байқалды. Елде індет өршіген тұста аса қажет дәрі-дәрмек жетіспей, ау­ру­ханаларда бос орын болмады. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің пан­демияға дайын болмағаны үшін ден­сау­лық сақтау министрлігінің бұрынғы бас­шылығын, бейқам әкімдерді сынады. Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-ми­нистрі ұсталып, Елжан Біртанов қызме­ті­нен кеткеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз байланысты әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармация» компаниясы­ның топ-менеджерлері жұмыстан боса­тыл­ды. Министр ауысса да, коронавирус жұқтырғандардың статистика­сын жүргізудің өзі үлкен проблема болды. Одан кейін министрлік халықты вакци­на­лау жұмыстарының баяулығына байла­ныс­ты тағы бірнеше мәрте сынға ұшы­ра­ды. Пандемияға байланысты білім беру саласының көп кемшілігі ай­қын­далып қалды. Дәстүрлі оқудың дағдылы соқпағымен ғана жүріп келген білім беру мекемелерінің басым бөлігі қа­шықтан оқытуды тәжірибе жүзінде бе­кітпеген. Себебі пандемияға дейін қа­шық­тан оқытудың қажеттілігі болмады. Қан­шама жылдық тәжірибесі бар, білікті мұ­ғалімдердің өзі жаңа форматты жатыр­қап, өз жұмыстарын бірден дөңгелетіп әкете алмады. Осы жерде тағы бір сала­ның шешілмеген мәселелері шықты. Яғни, бұған бір жүйеге негізделген плат­форманың, білім беру ресурсының бол­мағаны себеп болды. Цифрлық сауат­ты­лық деңгейі көңіл қуантпайтыны бесе­неден белгілі. Электронды гаджеттер мен ноутбук, компьютерлердің тапшылығы балалар тұрмақ, министрліктің өзін ты­ғырыққа тіреді. Кей аймақтарда әлсіз, кей жерлерде мүлдем тартылмаған интернет жағдайды одан әрі ушықтырды, сөйтіп ауылдардың барлығы дерлік интернет желісіне қосылғанын растайтын статис­тиканың шындыққа жанаспайтыны анық байқалды. Мектеп оқушыларын осылай оқы­ту мүмкін емес екенін, ел ау­ма­ғындағы интернеттің қауқары мұндай ауқымды жұмысты көтере алмайтынын Білім және ғылым министрі Асхат Айма­ғам­бетовтің өзі де әу баста мойындаған бо­латын. Сөйтіп министр қашықтан оқы­ту үшін басқа да механизмдерді қа­рас­­тырды. Соңында оқушыларға тап­сыр­ма жіберу үшін тіпті Қазпоштаның қыз­ме­тіне жүгіндік. Сөйтіп, 2,5 миллион оқу­шыны онлайн оқытуға қауқарсыз болып шықтық. 42 500 теңгенің «жыры» да осы ғалам­тор­дан басталғанын білеміз. Алғашында жәрдемақы алу үшін Egov порталы арқылы өтініш беру керек болатын, бірақ сайт жүктемені көтере алмай халық тағы әурес-арсаңға түсті. Кейіннен жеке сайт пен әр аймақ үшін қосымша телеграм­бот­тар іске қосылды деп хабарланғанымен, олар да бірден мүлтіксіз жұмыс істеп кете қоймады. Интернет түгілі әлі күнге дейін ұялы байланыс желісі жоқ қаншама ауылдар бар. 90-жылдары үдемелі индустриалды-ин­новациялық даму жөніндегі мемле­кет­тік бағдарлама іске қосылды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру бас­тал­ды, инновациялық экожүйенің бір­қатар элементтері құрылды. Ал «Циф­р­лық Қазақстан» бағдарламасы 4 ба­ғыт­қа негізделсе де, нәтижесі жүйесіз болды. Жобаның алғашқы бағыты – алыс аймақтарды ғаламтормен қам­тамасыз ету – толық нәтижелі болма­ға­нын жоғарыда айттық. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу бол­са, бұл бағыттың да атқарылғанынан ат­қарылмағаны көп сыңайлы. Тағы бір мақ­сат – білікті IT мамандарды даярлау. Бұл бағытта жоғарғы оқу орындарындағы IT саласына бөлінген грант саны кө­бейтілді. Шетелде білім алып жатқан жас­тар қаншама? Бірақ білімді жастардың көбі шетел асып, кремний алқабы сияқты әйгілі жерлерде жұмыс істеуді арман ететіні жасырын емес. Осының бәріне «СБЕР» дауы қо­сылды. Премьер-Министр Ас­қар Мамин мен Ресей Сбербанкінің басшысы Герман Грефтің Data-Driven Government тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жаз­баларында, сөйлеген сөзі мен мәлімде­ме­лерінде eGov порталы тек Қазақстанға тие­сілі және ешкімге берілмейді деп сендіріп баққанымен, қалың сынның астында қалды. Биыл шілдеде Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Ома­ровты отставкаға жіберді. Соңғы жыл­дары ауыл шаруашылығы саласы күр­меуі қиын мәселелерге тап болды, атап айтсақ, сібір жарасы, құс тұмауы, бру­целлез де өршіп кетті. Оған қуаң­шылықты қосыңыз. Бұдан бөлек, дала өрті де өршіп кетті. Оңтүстік пен батыс ай­мақтарда мал аштықтан, ал солтүстік пен орталық аймақтарда қызыл жа­лыннан қырылды. Малға өріс жерлердің, шабындықтар мен жайылымдардың барлығы жарамсыз болып қалды. Осы­ның барлығына коронадағдарыстың ық­пал етіп отырғаны белгілі, десек те, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы аспандап кеткені мәселені одан әрі ушықтырды. Министр АӨК кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жү­зе­ге асыруға үшінші болып талпынған еді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ба­ға­сын бірқалыпты ұстап тұруға күш сал­­ды. Өкініш­ке қарай, бұл талпыныс нәтиже бермегеніне куә болдық. Екінші жағынан, азық-түлік бағасының шарықтап кетуі ішінара ведомствоның жауапкершілігінде болмаған факторлардан туындағанын да атап өткен жөн. Мысалы, кәдеге жарату алымын ен­гізу ауыл шаруашылығы тех­ни­касының бағасын өсірді. Бұған жауап­ты – Экология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі. Теңге бағамының төмендеуі фер­мерлердің агрохимияға, тұқымға жә­не сол ауыл шаруашылығы машиналарына жұм­саған шығындарының өсуіне әкелді. Ал бұған жауапты – Ұлттық Банк. Кли­мат­тық қоймалардың болмауынан көкө­ніс­тер мен жемістердің тапшылығы бай­қалды. Көкөніс қоймаларын салу жә­не жаңғырту бойынша тапсырма бір­неше рет берілген. Ол мәселе Үкімет оты­рыстарында да қаралған еді. Бұл Сау­да және интеграция министрлігі қада­ға­лауы тиіс мәселе еді. Осының бәрі тіз­бек­теліп келіп, ақырында азық-түлік баға­сы­ның өсуіне ықпал етті. Алайда сауда же­лілері мен делдалдар бағаның одан әрі ас­пандап кетуіне себепші болды. Бұл мә­селені реттеу – жергілікті атқарушы би­лік­тің міндеті. Арыстағы оқиғадан сабақ ал­ма­ғаны­мызға, қорғаныс саласындағы кемші­лік­терге Жамбыл облысындағы жарылыс ке­­­­зінде қайта куә болдық. Осыдан екі жыл бұрын Арыс қа­ла­сында №44859 әскери бөлі­мін­де оқ-дәрі жанып, көп ұзамай бірнеше жары­лыс болды. Апат салдарынан 3 адам қай­тыс болып, 21 тұрғын үй толықтай өр­те­ніп кетті. Жарылыс ісі бойынша 16 адам сотқа тартылды. Оқиға салдарынан 1473 адам зардап шекті. Ал қылмыстық істің өзі 550 том болды. Сот 2020 жылдың маусымында басталған болатын. 2021 жылдың қаңтарында іс про­кура­тураға қайтарылып, әлі де тергелетіні ха­­бар­ланды. 26 шілдеде әскери қой­ма­дағы жарылыс бойынша айыпталғандарға қатысты сот шешімі шықты. Айып тағыл­ған 16 адамның 12-сі 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, ал төр­теуі 4 жылдан 7 жылға дейін шартты түр­де сотталды. Арыстағы жарылыстың шы­ғыны – 173 млрд теңге. Ал биыл 26 маусымда Жамбыл облы­сы Байзақ ауданында №28340 әскери бө­лімінде инженерлік оқ-дәрілер қой­масында жарылыс болды. Ресми мәлі­мет­тер бойынша, 26 тамызда сағат 18.45-те «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік оқ-дәрілер базасында қойма­лардың бірі өртенген. 15 азамат қаза тапты, бір азамат әлі күнге дейін табылған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды мара­пат­таған. Ал Қорғаныс министрі Нұрлан Ермек­баев 31 тамызда отставкаға кетті. Бірақ бір ғана министрдің отставкаға кетуі жүйедегі жүйесіздіктің күрмеуін шешпейтінін қоғам белсенділері жарыса айтып жатты.

Тығырықтан шыға алатындар аз

Басшы көп болғанымен, осын­дай шұғыл оқиға кезінде сол сала­дағы немесе аймақтағы жағдайды реттей алатын, тығырықтан шығарады деп сенім артуға болатын басшылар туралы бізде аз айтылады, соған қарағанда мұндай кри­зис-менеджерлердің өзі де көп емес де­ген қорытындыға келуге болады. Соңғы жылдары Бердібек Са­пар­баев­қа көпбалалы аналардың мәсе­ле­сі­мен, Қордайдағы төтенше жағ­дай­дың салдарымен күресті. Қуаң­шы­лықтан зардап шеккен Маңғыстау об­лысына Нұрлан Ноғаев басшы болып барды. Бұл қатарға тағы кімдерді қосуға болады, жастардың арасында бастама­шыл, тығырықтан шыға білетін қабілет­тілер бар ма? Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым соңғы 10 жылда шық­қан басшылардың, менеджерлердің тә­жірбиесі аз екенін, бірақ жастардың ара­сынан да мықты менеджерлер шыға­ты­нына күмәнданбайтынын айтты. Айдос САРЫМ, Мәжіліс депутаты:

Жүрек пен абырой керек

– Апатты, жағдайы шиеленіскен ай­мақ­тарды реттеуге, басқаруға көбінесе 90-жыл­дарды көрген, барлы­ғының ретін біле­тін, халықпен сөйлесе алатын аза­мат­тарды жібереді. Жалпы өмірлік тәжірибесі мол болғандықтан, олар қиын жағдайда да халықтың алдына батыл шығып, мәселе көтере алады. Мұндай азаматтар әртүрлі дәрежеде өз қызметтерін атқарып жүр. Ал соңғы 10 жылда шыққан басшы­лар­дың, менеджерлердің өкінішке қарай, он­дай тәжірибесі жоқ. Саяси таңдау жа­са­ған кезде осының барлығы ескеріле­ді. Қазақша, орысша еркін сөйлеу, кез келген аудиторияның алдына шығып сөз сөйлей білу, уәжді, пікірлерді тыңдай білу, ести білу деген сияқты. Ең бастысы – қиын не­месе апатты, дағдарысты жағдай бол­ған кезде менеджердің өзінің де пси­хи­касы, ойлау қабілеті сыр бермеуі керек. Бұл – өте маңызды. Жастардың арасынан да мықты ме­­нед­жерлер шығатынына кү­мә­­нім жоқ, бірақ қарап отырсақ, ай­мақ­тар­дың көбісін басқарып отырған әкім­дер, олардың орынбасарлары – 40 пен 30 жас арасындағы азаматтар. Жалпы мықты менеджердің бойы­нан табылуы керек ең не­гіз­гі қасиет – жауапкершіліктен қашпау. Мен жауап беремін, бір жағдай болатын болса, барлығын өз мойныма аламын деп коман­даға, басқасына пікір айта алу, ел­дің алдына шыға алу. Наразы ауди­тория бола­ды, ызалы аудитория болады, азалы ау­дитория болады. Дәрігерлердің бір қа­ғи­даты бар ғой: жақсы дәрігер палатаға кір­ген кезде өзінің сырт кел­бетімен, жү­ріс-тұрысымен-ақ адам­ның өмірге құш­тарлығын оятып, дәрігерге деген сенімін қалыптастыруы керек. Яғни олар ұқыпты, дұрыс жүруі керек, батыл сөйлеуі керек. Бұл да сол сияқты дүние. Әкім, басшы ын­жық болмауы керек, айтатын ойын нақ­ты жеткізе білуі керек. Керек кезде үс­­­телді бір ұрып, «мен жауап беремін» деу­ге дайын болуы тиіс. Өкінішке қарай, байқасаңыз, қазір кейбір басшылар, жас басшылар, бас­қалар тіпті қағазға қол қоюдан, тендер өт­кізуден қашатын болып кетті. Бұл – жұ­мыс емес. Бұдан бұрын Президенттің айт­қа­ны да осы болатын. Қазір жауап­кер­шілік арқалайтын уақыт келді. Әкім­дер, министрлер, басқа да шенділер өзі­нің істеп жатқан жұмысының жауап­кер­ші­лігін ала білуі керек. Әр деңгейдегі би­ліктің сатысында жауапкершілік болуы тиіс. Міне, мен істеп отырмын ба, жұмы­сым­ды адал атқарып отырғанымды біле­мін, бәлкім ол біреуге ұнамауы мүмкін, біреудің қытығына тиюі мүмкін, бірақ мен осыны іске асырамын дейтін адам бол­маса, онда дәл қазір, пандемия дейміз, бас­қа дейміз бәрінде де осындай батыл­дық пен жауапкершілік керек. Жүрек пен абырой керек.
Біздің түсінігімізде шенеуніктердің «шаблон» үлгісі қалыптасып, санамызға әд­бен сіңіп те кеткен. Ашығын айтқанда шенеунік ұғымы ұнамсыз бейне ретінде қабылданады. Екінші жағынан, олардың өзі де осы қалыптан аса қатты өзгере қой­ған жоқ. Бірақ бастамашыл, жаңашыл тұл­ғалар керек дегенімізбен, біреу суы­рылып шықса, жақтыра қоймайты­ны­мыз тағы бар.

Не десек те, жауапты азаматтардың жауапкершілік арқалайтын уақыты келді. Біздің қоғамда дәл қазір батыл қадам жасап, нақты шешім қабылдайтын, нәтижелі жұмыс істейтін, қиын шақта тығырықтан шыға білетін азаматтар қат болып тұр.