Жоғарғы сотқа жаңа судья сайланды

Жоғарғы сотқа жаңа судья сайланды

Жоғарғы сотқа жаңа судья сайланды
ашық дереккөзі

Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы сотқа жаңа судья сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Конституцияға сәйкес ҚР Президентінің ұсынымымен Жоғарғы соттың судьяларын сайлау және қызметінен босату Сенаттың айрықша құзырына жатады. Осы ретте Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы соттың судьясы қызметіне Берік Төлеутайұлы Нәжімиденовті сайлау туралы ұсыным енгізді. Б. Төлеутайұлы қаржылық бақылау, мемлекеттік аудит саласында тәжірибесі мол маман. Соңғы бес жыл Қаржы министрлігінде жемісті қызмет етті», - деді ҚР Президентінің Парламентіндегі өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаев.
Палата депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған кандидатты қолдау туралы шешім шығарды. Жаңа қызметке сайланған судья Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді. Берік Нәжімиденов 1979 жылы туған, жоғары білімді заңгер. 2002 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – жетекші бақылаушы-ревизоры, бас маманы – бас бақылаушы-ревизоры, № 5 бақылау бөлімінің бастығы, № 3 бақылау бөлімінің бастығы, Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары. 2012 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Бақылау іс-шараларын талдау, жоспарлау, есептілік басқармасының басшысы. 2014 жылдан бастап Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы. 2016 жылы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.