Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
ашық дереккөзі

Елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, - деп хабарлайды turkystan.kz  tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша үлестіру басталады. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен сақтау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады", - деді "СҚ Фармация" баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.