11 қарашада қандай елеулі оқиғалар болды?

11 қарашада қандай елеулі оқиғалар болды?

11 қарашада қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1996 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды. 1998 жылы Астанадағы Перинаталдық орталық жанынан Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. 2004 жылы Астанада Халықаралық Қазақ тілі қоғамының IV Құрылтайы өтті. Бұл шараға барлық облыстардан делегаттар, қазақ қоғамдастығының шет елдердегі өкілдері де қатысты. Мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы, оның мәртебесін арттыру, сондай-ақ республикадағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды. 2004 жылы 11-13 қарашада Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсы өтті. Оны атақты композитордың өз атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр ашты. 2006 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында көрнекті энциклопедияшы-ғалым, ағартушы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің ашылуы болды. Кешенді кесене сары алтын түсті кірпішпен тұрғызылған, кесененің өзіне 73 баспалдақпен көтеріледі - Мәшһүр Жүсіп осынша жыл өмір сүрген. Ғимараттың ішінде мұсылман діни ұстанымдары негізінде екі бөлме - зиратхана мен гурхана бар. Біріншісі намаз оқып, келушілердің еркін әңгімелесуіне арналса, гурханада сандықтас орналасқан. Ол қордайлық граниттен көне түркілік үлгіде, адам өмірінің кезеңдеріне сәйкес, үш деңгейде орындалған. Алтынмен апталған кіреберіс есікті көркем өрнектеп, әсем әшекейлеген ең үздік қазақстандық зергерлердің бірі - Қырым Алтынбеков. 14 метрлік екі күмбезге Алланың 99 аты жазылған. Көрікті кешеннің авторлары - Бек Ыбыраев пен Сәдуақас Ағытаев. 2010 жылы Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарын оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметтерді дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жұмысын бастады. 2010 жылы Туризм және спорт министрлігінде VII Азия ойындарын өткізу қарсаңында арнайы естелік монеталардың таныстырылымы өтті. 2010 жылы Нью-Йоркте АҚШ-тағы Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінің таныстырылымы өтті. 2011 жылы Алматыда қайта жаңартылған Цезарь кинотеатрында СтрахOFF! екінші қазақстандық кинофестиваль өтті. Жоба авторы - Қуаныш Дәуітов. 2011 жылы Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті саябағында Қазақстан монументалдық-скульптуралық композициясы ашылды. Оның дәл ортасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні орнатылған. Ел жетістігін бейнелейтін композиция қола, гранит, мәрмәр тастарынан қыран құстың қанаты сұлбасында жасалған. Монументтің авторы - мүсінші Шоқан Төлеш. 2011 жылы Минскіде Қазақстанда жиналған HD-78 модельді жүк көліктерін жеткізу бойынша шартқа қол қойылды. 2011 жылы Астанада агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы өтті. 2013 жылы ҚР және РФ арасындағы Х мерейтойлық өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойды. 2013 жылы Білім және Мәдениет телеарналары біріктірілді. 2013 жылы Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева көркемөнер және мәдениет саласындағы Еуропалық өнер одағы беретін Golden Europea (Алтын Еуропа) жоғары наградасын алды. 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының кеңесінде Нұрлы жол - болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына арналған жолдауын таныстырды. 2014 жылы Алматыдағы метроның Байқоңыр стансасында Аңсаған Мұстафаның Сөйле, сурет әлеуметтік суреттерінің көрмесі өтті. 2014 жылы Қазақстан, Ресей және Украина бірлесіп түсірген қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсенов жайлы 4 сериялы көркем фильм халықаралық деңгейдегі зор марапатқа ие болды. Фильм Ресейдің бас наградаларының бірі Почетный орден Кузбасса орденімен марапатталды. Туындыдағы басты рөлді Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актеры Қуандық Қыстықбаев сомдады. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы атты 10 бөлімнен тұратын деректі фильмнің түсірілімі аяқталды. Бұл деректі фильмге еліміздің және шетелдің бетке ұстар ғалымдары, ақындар, режиссерлер атсалысқан. Фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасының тарихына арналған. Фильм 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі қазақ халқы шежіресіндегі айшықты кезеңдер туралы баяндайды. 2015 жылы Елордада Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мәселелеріне арналған Астана клубының I отырысы өтті. Астана клубының алғашқы отырысында АҚШ, Ресей, Еуропалық Кеңес, Қытай, Түркия, Иран және өзге де елдерден 50-ден астам экономика, саясат, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар бас қосты.