Құс атамын деп көз жұмды: Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы оққа ұшты

Құс атамын деп көз жұмды: Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы оққа ұшты

Құс атамын деп көз жұмды: Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы оққа ұшты
ашық дереккөзі

Жамбыл облысы Меркі ауданында сегізінші сыныптың оқушысы оқ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Меркі ауданы полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан Тескентоған ауылының кәмелетке толмаған 14 жасар тұрғыны пневматикалық қарудан атылған оқтан алған дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде жарақат алғанын анықтады.
«Аталған дерек тіркелді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтау және объективті зерттеу мақсатында тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеп-тексерудің басқа деректері жариялануға жатпайды»,-делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.