Жаңалықтар

Жамбылдағы жарылыс кезінде іс-түссіз кеткен өрт сөндірушіге қатысты тың дерек шықты

Жамбылдағы жарылыс кезінде іс-түссіз кеткен өрт сөндірушіге қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды turkystan.kz nege.kz-ke сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, өрт сөндірушіден әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Дегенмен оны көрдік деген бірнеше адам бар дейді Бауыржанның жұбайы.

«Бұған дейін таудан іздедік. Енді елді-мекендерді аралап жүрміз. Себебі Бауыржанды ауылдан көрдік деген бірнеше адам бар. Мәселен, бір әйел Бауыржанды дәмханадан көрген. Жақындап сұрағысы келгенде, әйелдің жанына ағасы келген. Ер адамды көргенде, күйеуім қашып кетіпті. Оның сөзіне қарағанда, Бауыржан ерлерден қорқады», – дейді Ділназ.

Айтуынша, бұл деректерді және әйелдің түсініктемесін полиция тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары мен туыстары айналаны іздегенімен, әзірге нәтижесіз. Өкінішке қарай, ауыл дәмханасында бейнебақылау камерасы болмаған. Бауыржанның әрі қарай қайда кетуі мүмкін екенін де ешкім білмейді.

Бұдан өзге, Бауыржаннан хабар жоқ. Алайда жұбайы Ділназ күдерін үзбейді.

«Қандай да бір ақпарат естісек, қуанып, полицияға жетіп барамыз. Бірақ ілік жоғалған соң, қайтадан ауыр күй кешемін», – дейді әйел.

Айта кетейік, биыл 26 тамызда Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылды. Салдарынан 16 адам қаза тапты, ал Бауыржан Дәуітбаев із-түссіз жоғалып кетті.

Back to top button