Жаңалықтар

«Қандай күйде болғанымызды айтып жеткізе алмаймын» – Гарвард деканы Ақназар Қажымұрат туралы

Гарвард университетінің деканы Ракеш Хурана марқұм Ақназар Қажымұрат туралы естелік жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақназар Қажымұрат тұрған Kirkland House жексенбі күні кешке марқұмды еске алды. Жиын кезінде студенттердің естелігін америкалық Задок И.Н. Джи есімді журналист жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2021 11 10 17 41 44
Ракеш Хурана

Ақназардың математикаға туабітті қабілеті бар еді, ерекше дарынды болатын. Ол басқа студенттерге де көмектесіп, уақытын кампуста өткізетін. Жалпы басқаларға көмектесуге әрдайым дайын тұратын. Студенттер Ақназарды оқуды жақсы көретін әрі үй тапсырмасын орындауға немесе басқа да шаруаға кез келген адамға көмектесуге әзір тұратын жан деп есептейтін. Кампустағы алғашқы оқу жылы пандемияға байланысты үзілді. Ақназар Кембридждегі сағынатынын айтқан.  Біз оны сағынамыз.

Бұл жаңалық бәрімізді қынжылтты. Ақназардың өлімінен кейін біздің қандай күйде болғанымызды айтып жеткізе алмаймын.

Ақназар жүздеген студентке үлгі болды. Еңбек еткен адамның биіктерден көрінетінін дәлелдеді. Ақназардың отбасына  қайғырып көңіл айтамыз, – деп жазды Ракеш Хурана.

Back to top button