WhatsApp-тағы чат арқылы алаяқтықпен айналысқан түркістандық әйел ұсталды

WhatsApp-тағы чат арқылы алаяқтықпен айналысқан түркістандық әйел ұсталды

WhatsApp-тағы чат арқылы алаяқтықпен айналысқан түркістандық әйел ұсталды
ашық дереккөзі

Түркістан облысында WhatsApp чаты арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен жасырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік жолдамаларды, бағалы қағаздарды сатып алу/сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларын үйден шықпай мессенджерлердегі чаттар және хабарлама жіберу арқылы құру деректері де бар. Мәселен, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам қаржы пирамидасына шағымданған. Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны «WhatsApp» мессенджерінде «Асыл Инвест», «Оборот 30%» и «30% за 3 дня» чаттарын құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды. Салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілді. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банктік шоттарына «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы аударылды Қазіргі уақытта шағым берген тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады. Агенттік азаматтарды қысқа уақыт ішінде үлкен пайда әкелетін күмәнді жобаларға қатысудан аулақ болуға шақырады.