Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

10 қараша, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрлыбай Аққұлов бүгін, 10 Қарашада қызметінен босатылды. Ол денсаулығы нашарлағанына байланысты қызметінен кеткен. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы бастамаларына табыс тіледі.