Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті

10 қараша, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Соңғы тәулікте Қазақстанда 1128 адамнан коронавирус анықталып, 2356 адам аталмыш дерттен жазылды. Қазақстанның эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек 3 өңір ғана «қызыл» аймақта тұр. Сондай-ақ 8 455 353 адам коронавирусқа вакцинаның I компонентін, 7 727 793 адам II компонентін салдырды.