Жаңалықтар

Үкімет 2022 жылы 31 заң жобасын әзірлейді – Әділет министрлігі

ҚР Үкіметі 2022 жылы 31 заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

«2022 жылға арналған Үкіметтің заң жобалау жұмыс жоспарында 31 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта Парламентке – 11 заң жобасын және екінші жартыжылдықта 20 заң жобасын енгізу қажет. Жалпы, жоспар жобасы Президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде әзірленді», – деді министр Үкімет отырысында.

Мәселен, оның атап өтуінше, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі», «Кәсіби біліктіліктер туралы» және «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобаларын әзірлеу Мемлекет басшысының осы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайды.

«Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сәйкестікті бағалау және жылу энергетикасына қатысты жаңа заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда. «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес жоспардың жобасы Мемлекет басшысымен келісуге жатады. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне жіберу ұсынылады», – деді Марат Бекетаев.

Back to top button