Алдағы аптада Pfizer вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіледі

Алдағы аптада Pfizer вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіледі

Алдағы аптада Pfizer вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіледі
ашық дереккөзі
15 қарашада Comirnaty (Pfizer) вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12-17 жастағы балалар, жүктілік мерзімі 16-37 апталық әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күннен соң вакцинациялауға жатады», - деді ол. Министр Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерешелігін ескере отырып, 34 мұздатқыш сатып алынғанын және 16 өңірге жеткізілгенін айтты. «Сонымен қатар қосымша 51 мұздатқыш сатып алынды. Олар осы жылдың қараша айының соңына дейін жеткізіледі. 15 қарашаға дейін Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 379 мың дозаны құрайтын алғашқы топтамасы жеткізіледі деп күтіледі», - деді Алексей Цой.