Жаңалықтар

Коронавирус: АҚШ-та балалар вакцина алуды бастады

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балалар коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады. Бұл туралы Covid-19 вирусының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы жазды.

Ақ үйдің COVID -19 таралуына жол бермеу жөніндегі үйлестірушісі Джефф Зинтстің мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ билігі вакцинациялау науқанына алдын-ала дайындық жұмысын жүргізіп, балаларға арналған 28 миллион вакцинаны даярлады. Балаларға вакцинаны 10 мкг болатын екі дозада егу жұмысы жүргізіледі, бұл 12 жастан асқан ересек азаматтардың алатын мөлшерінің үштен бір бөлігін құрайды.

 

Back to top button