Олимпиадаға қатысқан велошабандоз жол апатынан қаза тапты

Олимпиадаға қатысқан велошабандоз жол апатынан қаза тапты

Олимпиадаға қатысқан велошабандоз жол апатынан қаза тапты
ашық дереккөзі
Эритреялық кәсіби велошабандоз жаттығу кезінде ел астанасы Асмара қаласының шет жағында жол-көлік апаты салдарынан қаза тапты. ҚазАқпараттың ВВС-ге сілтеме жасап жазуынша, 21 жастағы Десиет Кидан велосипедпен келе жатқан кезінде көлік қағып кеткен. Ол Дүниежүзілік велосипедшілер одағының (UCI) WCC континенттік командасының құрамында болған. 21 жасар Десиет Кидан Бисрат Гебремескел және Адиам Тесфалмен бірге 2021 жылы 94-ші UCI әлем чемпионатына Эритрея құрамында жарыс жолына шыққан еді. Сондай-ақ 2018 жылы Руандада өткен Африка континенттік чемпионатында алтын медаль еншілеген болатын.