Еліміздің төрт аймағында түзету мекемелері салынбақ

Еліміздің төрт аймағында түзету мекемелері салынбақ

Еліміздің төрт аймағында түзету мекемелері салынбақ
ашық дереккөзі

Алдағы үш жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында төрт колония салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Ішкі істер министрінің айтуынша, түзету мекемелерінің тозығы жеткен.
 «Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жаңа колониялар салу мәселесі қарастырылып жатыр. Алдағы үш жылда біз Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында осындай төрт мекеме салуды жоспарлап отырмыз», - деді Тұрғымбаев.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртудың жол картасын жүзеге асыру аясында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 20 жаңа мекеменің құрылысы қарастырылған. Олар МЖӘ аясында 2029 жылдың соңына қарай салынады.
 «Бірте-бірте отряд-казармадан камералық қызмет көрсетуге көшу қамтамасыз етілді. Қазір төрт мың сотталған осындай тоғыз мекеме бар.», - деп қосты министр.
Жалпы, Қазақстанда 80 түзеу мекемесінде 34 мың адам қамауда болса, олардың басым көпшілігі ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар.