Жаһан

«Кальмар ойынының» режиссері сериалдың екінші маусымы түсірілетінін айтты

Аз уақыт ішінде бүкіл әлемге танылған «Кальмар ойыны» телехикаясының режиссері сериалдың екінші маусымын түсіретінін растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сериалдың бірінші маусымның барлық тоғыз эпизодының режиссері және сценарий авторы режиссер Хван Дон Хек Ассошиэйтед Пресс агенттігіне берген сұхбатында көрермендер телехикаяны жалғастыруды талап еткенін айтты.

«Біз таңдау жасай алмаймыз… фильмнің шынымен екінші маусымын түсіреміз. Дәл қазір», – деді Хван Дон Хек.

Ол жобаны іске асырудың нақты мерзімдері мен шарттары туралы айтуға әлі ерте екенін айтты.

Back to top button