ШҚО тұрғыны өзін біреулер екі ай бойы тонап келгенін байқамаған

ШҚО тұрғыны өзін біреулер екі ай бойы тонап келгенін байқамаған

ШҚО тұрғыны өзін біреулер екі ай бойы тонап келгенін байқамаған
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны екі ай бойы тоналғанын байқамаған, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Риддер қаласында ер адам қыркүйек пен қазан аралығында бір пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түсіп, ол жерден жалпы сомасы 1 200 000 теңге болатын тұрмыстық техника, алтын әшекейлерді алып кетіп отырған. Алайда үй иесі заттарының жоғалғанын мүлдем байқамапты. Риддер қаласының полиция қызметкерлері жедел іздестру іс-шаралары кезінде 29 жастағы ұрыны анықтады.
"Жәбірленуші оның пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.