Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген екі мұғалім қаза тапты

Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген екі мұғалім қаза тапты

Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген екі мұғалім қаза тапты
ашық дереккөзі

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген екі мұғалім бірінен кейін бірі қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың бір-бірімен байланысы жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

7 қараша күні Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің математигі Бақытхан Құрман қайтыс болды. Одан соң осы мектепте бұрын жұмыс істеген, кейін қаладағы беделді мектептердің бірінде география пәні мұғалімі болған қызмет еткен Мәулен Телеубаев көз жұмды.
Қаралы хабарды марқұмдардың әріптесі, желіде белсенді математик Дархан Ардақұлы Facebook-тегі  парақшасында хабарлаған.
«Бүгін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бірегей математигі, әріптесіміз Бақытхан Құрман мезгілсіз қаза болды. Біз үшін орны толмас қайғы. Иманды болсын, жаны жаннатта болсын. Ағайын- туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды Дархан Ардақұлы.
Екінші мұғалім 8 қарашада көз жұмған.
«Қаралы күннен көз ашпай кеттік қой, ағайын-ау! Бүгін тағы бір әріптесіміз әрі бауырымыз, бұрын Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеген, кейіннен Shoqan School мектебінде еңбек еткен география мұғалімі Маулен Телеубаев қайтыс болды. Біз үшін орны толмас қайғы. Жаны жаннатта болсын, иманды болсын», – делінген жазбада.