Жаңалықтар

Қылмыстық топты басқарып келген шенеуніктер ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, көліктерді техникалық тексеру кезінде жалған диагностикалық карта берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, – деп жазды aikyn.kz.

«Тіркелген бірнеше мекенжай бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған. Тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс істейтін орындары анықталмады. Осылайша құжаты ғана рәсімделген 28 фирманың жұмысы тоқтады», – делінген хабарламада.

Қылмыстық топты басқарып келген Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары анықталды. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қылмыстық топ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Мұндай «қызмет» үшін бір автокөлік 2 мың теңге төлеген.

Тергеу барысында көлігіне жалған диагностика жүргізген автокөлік иелері де анықталуда.

Back to top button