Көлігіне жалған нөмір таққан: Қостанайда полиция бастығы отставкаға кетті

Көлігіне жалған нөмір таққан: Қостанайда полиция бастығы отставкаға кетті

Көлігіне жалған нөмір таққан: Қостанайда полиция бастығы отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында полиция бөлімінің бастығы Қайрат Әбдіқалықов жалған нөмірі бар жұмыс көлігін пайдаланғаны үшін отставкаға кетті. ҚазАқпараттың жазуынша, бұл фактіге қатысты Қостанай облысы полиция департаменті түсінік берді. Ведомствода хабарлағандай, ҚР ІІМ-де полицияны реформалау аясында басты басымдық белгіленген. Ол – жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау. «Youtube-те жарияланған видеода Қостанай облысының ПД Сарыкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Әбдіхалықовтың заңсыз әрекеті туралы қызметтік тергеу жүргізілді. Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Сарыкөл аудандық ПБ полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапқа тартылды», - деп хабарлады полиция департаменті. Сонымен қатар, жүргізушіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материал Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасына жолданды. «Осыдан кейін Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіхалықов қызметінен босату туралы баянат жазды», - деп толықтырды полиция департаментінің баспасөз қызметі.