Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің  ұйымдастыруымен 2021 жылғы 9 қарашада үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері – 2021» республикалық байқауы өтті. Байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.

Сайыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін іске асыру мақсатында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқау нәтижесінде:

Гран при   Айтмаганбетов Дархан Дүйсенбекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіндегі Бас Прокурордың аға көмекшісі;

І орын Ермұхан Асқар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінен басқарма басшысы;

ІІ орын Әділханов Алмаз Әділханұлы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  Экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы;

ІІ орын – Уәли Еламан Сайлаубайұлы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басқармасының бас сарапшысы;

ІІІ орын Садықов Құмар Ерсайынұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері;

ІІІ орын – Игіман Қуаныш Жомартұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің бас сарапшысы;

ІІІ орын – Өмірзақова Диана Ахметқызы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық қамсыздандыру және наразылық-талап жұмыстар басқармасының сарапшысы жеңімпаз атанды.

Қалған барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Back to top button