Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды
ашық дереккөзі

Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, процесс аса ауыр қылмыстар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта, жабық режимде өтеді. Істі судья Еркін Майшынов қарайды. Бұған дейін сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартқан еді. 20 қазан күні Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі сотқа түскен болатын. Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмаған болатын. Кейін Аяжан Еділованың денесі табылды. Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.