Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
ашық дереккөзі

Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту жұмысы жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге және тәртібін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі және биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.