Жаңалықтар

Ақтөбе әкімдігі жарты миллион теңгеге 50 қолшатырды не үшін сатып алмақ болғанын түсіндірді

ашық дереккөзі

Ақтөбе әкімдігі жарты миллион теңгеге 50 қолшатырды не үшін сатып алмақ болғанын түсіндірді

Ақтөбе әкімдігі жарты миллион теңгеге 50 қолшатырды не үшін сатып алмақ болғанын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қолшатыр сатып алу жөніндегі хабарландыру 2021 жылғы маусымда шыққан. Алғашқы бағасы - 428 571, 60 теңге. «Сатып алу қорытындысы бойынша және жеңілдікті ескере отырып «Мулбаева» ЖК және «TAMI» ЖК-мен 195 570 теңге көлемінде тауар жеткізуге шарт жасалды. Бұл сатып алу ресми делегацияның (ішкі және халықаралық) алдағы үш жылға кездесулерін ұйымдастыру перспективасы үшін қажет болды. Негізі үш жыл сайын сатып алынады. Шетелден келген делегацияның көмекшілері жаңбырлы, қарлы күні пайдалана алады. Екі түрі бар. Біріншісінің қолға ұстайтын жері ағаштан жасалған. Екі адамға арналғаны. Бұл қолшатырды делегация келгенде пайдаландық»,- деді Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқару басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбеков.