Жаңалықтар

Түркістан облысында 380 млн теңге заңсыз субсидия алған шаруалардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ашық дереккөзі

Түркістан облысында 380 млн теңге заңсыз субсидия алған шаруалардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында 8 ауыл шаруашылығы кәсіпорны 380 миллион теңге заңсыз субсидия алған, деп хабарлайды turkystan.kz. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті 8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты субсидияны заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға"мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәлімет берген. Нақтырақ айтқанда олар Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжат жасатқан. АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес, аталған заңды тұлғалар ІҚМ сатып алуға өтінім жібермеген және оларды РФ-дан әкелу бойынша құжат алмаған. Аталған шаруа қожалықтарына заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгеден, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады.