Ariel, Тide, "Миф", Persil маркаларын пайдаланып кір жуатын ұнтақ шығарып келген жасырын цех әшкереленді

ашық дереккөзі

Ariel, Тide, "Миф", Persil маркаларын пайдаланып кір жуатын ұнтақ шығарып келген жасырын цех әшкереленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Контрафактілік кір жуу ұнтақтарын шығаратын жасырын цех қызметі тоқтатылды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің мәліметінше, цех Түркістан қаласынан анықталған.
"Жедел-іздестіру шаралары кезінде Түркістан қаласының тұрғыны "Иштихат" тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі н/ж мекенжайы бойынша цех ашқаны, онда заңсыз жолмен Ariel, Тide, "Миф", Persil маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды. Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды. Құқық иесі "The Procter&Gamble Company" компаниясына зор залал келген",- деп жазылған хабарламада.
Қаржы мониторнигі агенттігі Заңсыз әрекетке барған Түркістан қаласының тұрғынына 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді.